#Doing Business

Электрмен жабдықтау сенімділігі индексі (SAIDI және SAIFI)
Электрмен жабдықтау сенімділігі индексі (SAIDI және SAIFI)

SAIDI және SAIFI есептеу әдістемесі:

1) Бір тұтынушыға электрмен жабдықтауда үзілістің баламалы ұзақтығы (SAIDI – System Average Interruption Duration Index) – жүйеде бір тұтынушыны өшірудің орташа уақыты.

мұндағы:

      Ca(i) – күнтізбелік жыл ішінде энергия беруші ұйымның электрмен жабдықтау жүйесіндегі өшірілген тұтынушылардың саны;

      Cs – энергия беруші ұйымның электрмен жабдықтау жүйесіндегі тұтынушылардың жалпы саны.

2) Бір тұтынушыға электрмен жабдықтаудағы балама үзіліс жиілігі (SAIFI – System Average Interruption Frequency Index) – белгілі бір уақыт кезеңі ішінде өшірілген бір тұтынушыға берілетін өшірулердің орташа саны:

мұндағы:

      Ca(i) – күнтізбелік жыл ішінде энергия беруші ұйымның электрмен жабдықтау жүйесіндегі өшірілген тұтынушылардың саны;

      t(i) – электрмен жабдықтау үзілісінің ұзақтығы, сағат*;

      Cs – энергия беруші ұйымның электрмен жабдықтау жүйесіндегі тұтынушылардың жалпы саны.

Пайдалы ақпарат
Дата публикации: 01.01.2020
Қазақстан "Doing Business" рейтингінде "электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу" индикаторы бойынша
Қазақстан "Doing Business" рейтингінде "электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу" индикаторы бойынша

Дүниежүзілік Банктің "Doing Business" баяндамасына сәйкес "Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу" индикаторы бойынша Қазақстан келесі позицияларды иеленді:

- 2015 жылы-102 орын;
- 2016 жылы-75 орын;
- 2017 жылы-70 орын.
– 2018 жылы-76 орын

"Doing Business-2020" баяндамасына (бұдан әрі – баяндама) сәйкес 2019 жылы Қазақстан Республикасында электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу үшін ұзақтығы 71 күн және жалпы құны 1 005 000 теңге болатын 6 процедурадан өту қажет, 67 орында:

1) Электр желілеріне қосылуға өтінім беру және техникалық шарттардың берілуін күту, (5 күн);
2) Жобаны әзірлеу мен келісудің аяқталуын күту (33 күн);
3) Жер қазу жұмыстарына рұқсат алу (4 күн);
4) Электр монтаждау ұйымының мыртқы қосу бойынша жұмыстардың аяқталуын күту (22 күн);
5) Тараптардың теңгерімдік тиесілігін және пайдалану жауапкершілігін шектеу актісін берумен бірге электр энергиясын есепке алу аспабының кернеуін беруді және пломбалауды күту және есепке алу аспабын пломбалау актісін алу (4 күн));
6) Электрмен жабдықтау шартын жасау (3 күн).

Дүниежүзілік банк рейтингіндегі елдің ұстанымын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі - министрлік) өткен кезеңде заңнамалық түзетулердің 6-шы пакеті шеңберінде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталғаннан кейін энергетикалық сараптама жүргізу қажеттілігін алып тастау бойынша жұмыс жүргізді.

Электр энергетикасы саласындағы заңнаманы жетілдіру және электрмен жабдықтауға қосу жүйесін оңайлату мақсатында Министрлік заңнамалық түзетулердің 7–ші пакетінде жария оферта қағидаты бойынша тұтынушыны электрмен жабдықтауға арналған шартқа жеке қол қою қажеттілігін жою бойынша норма көзделген болатын.
7-заңнамалық түзетулер пакетінің нормаларын іске асыру үшін 2020 жылғы 6 ақпанда "Электр энергиясын пайдалану ережелеріне", "Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларына" және "Электрмен жабдықтаудың үлгі шарттарына" өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, олар 2020 жылғы 16 ақпаннан бастап заңды күшіне енді.
Электр энергетикасы саласындағы заңнаманың жүргізіліп жатқан реформаларының орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ тұтынушылардың кең ауқымы үшін оларды жария ету мақсатында Министрлік жүргізіліп жатқан реформаларды жария ету бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстарын, сондай-ақ электрмен жабдықтау жүйесіне қосу бөлігінде заңнама талаптарының сақталуына мониторингті тұрақты негізде жүргізеді.
Дүниежүзілік банк баяндамасының "Электрмен жабдықтау жүйесіне қосу" индикаторы бойынша жиырма жетекші елдің талдауының қорытындысы бойынша Министрлік электр желілеріне қосу кезінде рәсімдердің санын үшке дейін қысқартуға мүмкіндік беретін заңнамалық түзетулердің 8-ші пакетіне электр желілерін жобалау және салу бойынша міндеттерді тұтынушыға энергия беруші ұйымға (табиғи монополия субъектісіне) кернеу беруге дейін жүктеу жолымен түбегейлі өзгерістер әзірледі.
Комитет электрмен жабдықтау жүйесіне қосылуды түбегейлі жақсарту және Қазақстан Республикасының позициясын өзгерту мақсатында бизнес-ортаны жақсарту бойынша заңнамалық түзетулердің 8-ші пакетінде электр желілерін жобалау және салу бойынша міндеттерді энергия беруші ұйымдарға жүктеу жолымен үш рәсімге қосу жүйесі көзделген, бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасына Doing Business рейтингінің алғашқы 20 елінің қатарына кіруге мүмкіндік береді.
Жоғарыда көрсетілген реформаларды іске асыру үшін Қазақстан Республикасының мынадай заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді: "табиғи монополиялар туралы", "Электр энергетикасы туралы", "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" және "жол жүрісі туралы". Сондай-ақ, жаңа заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер әзірленді: тұтынушыларды электрмен жабдықтау желілеріне технологиялық қосу ережесі (ҚР ЭМ), белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі кәсіпкерлік субъектілерін электрмен жабдықтау желілеріне технологиялық қосу үлгі шарты (ҚР ЭМ) және белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі кәсіпкерлік субъектілерін электрмен жабдықтау желілеріне технологиялық қосу шығындарын айқындау ережесі (ҚР ЭМ).

Пайдалы ақпарат
Дата публикации: 31.12.2019
  • 1